Олег Николаевич Новачук
Байқау кеңесінің Төрағасы
Директорлар Кеңесіне тағайындалуы
2005 жыл
Жұмыс тәжірибесі
Олег Николаевич басшылықтың негізгі мүшелері құрамына кірген және 2007 жылы Басқарма Төрағасы және 2018 жылы Директорлар Кеңесінің Төрағасы болып тағайындалар алдында 2005 жылы Бас Қаржы директоры ретінде Топты қор биржасында тіркеген. Ол Төраға ретінде стратегиялық даму, мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау және бизнестің дамуы үшін жауап береді. Олег Николаевич өзінің өндіріс саласындағы білімі, жобалар әзірлеудегі тәжірибесі және Қазақстандағы өнеркәсіптік, қаржылық және саяси көшбасшылармен қарым-қатынас жасай алуының арқасында оның жауапты қызметіне сәйкес келетін бірегей біліктілігі бар. Олег Николаевич компанияны қайта ұйымдастыруда шешуші рөл атқарды және соның нәтижесінде 2014 жылы KAZ Minerals Тобы құрылды. Сол кезден бастап Топ саладағы өндірісті кеңейтудің ең жоғары қарқынының бірін көрсете отырып, әлемдік деңгейдегі екі жаңа мыс кенішін сәтті іске қосты және ол Топтың стратегиялық дамуын әрі қарай басқарып келеді. Nova Resources жалғыз түпкі бенефициарлық иелері ретінде Олег Николаевич пен Владимир Ким 2021 жылы сәуір айында бірлесіп “KAZ Minerals” компаниясын сатып алды және оның акцияларын қор биржасының тізілімінен алып тастап, Компанияны жауапкершілігі шектеулі жеке меншік компания ретінде қайта тіркеді. Олег Николаевич Топта қызмет ете бастағанға дейін 2001 жылы «Казпромбанк» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы лауазымында жұмыс атқарған.