Энтони Тодд
“KAZ Minerals Aktogay” ЖШС Бас директоры
Энтони (Тони) Тодд 2021 жылдың қазан айында “KAZ Minerals Aktogay” ЖШС Бас Директоры болып тағайындалды. Тау-кен өндірісі және жылу-энергетикалық салаларда Тонидің 40 жылдан аса жұмыс тәжірибесі бар және ол пайдалану және техникалық қызмет көрсету саласында жоғары буынның әмбебап басшысы. Тони өндірістің оңтайлы көрсеткіштерін қамтамасыз етуге және қауіпсіздік мәдениетінің дамуына баса назар аударуда. Біздің Топқа қосылмас бұрын Тони Minara Resources, Grade Metals Group және Glencore-да басшылық қызметтерді атқарған және оның Аустралия, Колумбия, Конго Демократиялық Республикасы және Мадагаскар сияқты елдерде мыс, алтын, никель және темір тәрізді металдардан кен өндіру саласында жұмыс істеу тәжірибесі бар. Тони іскерлік әкімшілендіру, активтерді басқару және жөндеу мен техникалық қызмет көрсету процестерін басқару мамандықтары бойынша магистр дәрежесіне ие.