Эндрю Саузам
Басқарма Төрағасы
Директорлар Кеңесіне тағайындалуы 2014 жыл
Жұмыс тәжірибесі
Эндрю «KAZ Minerals» Тобында 17 жылдан астам жұмыс істей отырып, Топ қызметінің ерекшеліктерін, оның корпоративтік мәдениетін және мүдделі тараптарды жете түсінеді. Эндрю Басқарма Төрағасы қызметін атқара отырып, Директорлар кеңесінің алдында Атқарушы комитетті басқару мен Топ стратегиясын іске асырумен қатар, Топтың атқарушылық басқарылуы үшін жауап береді. Эндрю Саузам Олег Новачукпен бірге 2014 жылы KAZ Minerals компаниясын қайта ұйымдастыру және құру кезіндегі сәулетшілердің бірі болған. Эндрю Басқарма Төрағасы, ал бұрын Қаржы директоры лауазымында қызмет атқарған кезде Топтың даму стратегиясын іске асыруда маңызды рөл атқарған, бұл өндірістің ілгерілеуіне және Топтың әлемдегі шығыны ең аз өндірушілер қатарына кіруіне ықпалын тигізді.
Эндрю 2006 жылы Компаниядағы жұмысына кірісіп, 2013 жылдан бастап 2017 жылға дейін Топтың Бас қаржы директоры лауазымын қосқанда, бірқатар жетекші қызметтерді атқарды және 2018 жылдың басынан ол Басқарма Төрағасы болып тағайындалды. Эндрю – өз мансабын Лондондағы Deloitte фирмасында бастаған және Ұлыбритания биржасында тіркелген көптеген компанияларға аудиторлық және транзакциялық қызметтерді көрсеткен, дипломы бар бухгалтер. Эндрю Компанияға ауысқанға дейін GlaxoSmithKline plc компаниясында корпоративтік даму саласында жұмыс істеген.