Эльдар Валерьевич Мамедов

«KAZ Minerals Management» ЖШС Басқарма Төрағасы

Eldar Mamedov

Эльдар Валерьевич – «KAZ Minerals Management» ЖШС Басқарма Төрағасы және ол мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жүргізу, заңды мәселелер, сатып алулар және әкімшілендіру үшін жауапты. Топтағы мансабын 1991 жылы Жезқазғанда электржабдықтар жөніндегі маман ретінде бастаған. 1992 жылы компания оны Қарағанды мемлекеттік университетіне «Құқықтану» мамандығы бойынша оқуға жіберген. Дәрежесін алғаннан кейін Эльдар Валерьевич Қазақстанның жетекші банктерінің бірінде банктік тағылымдамадан өткен. 1996 жылы ол өзінің Топтағы жұмысын «Жезқазғантүстіметте» заң кеңесшісі болып қайта бастады, ал 2000 жылы Топтың қайта ұйымдастыруға дейінгі мыс өндіру бойынша негізгі еншілес кәсіпорны – «Қазақмыс» Корпорациясы» ЖШС жоғары атқарушы басшылығының құрамына кірді. 2007 жылы ол Kazakhmys PLC компаниясының заң дивизионының басшысы болып тағайындалды. Эльдар Валерьевич – Қазақстанда оқыған заңгер, сонымен қатар – РФ Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясының МВА дәрежесінің иегері. Ол салық салу, жер қойнауын пайдалану және қаржы нарығын реттеу саласындағы нормативтік-құқықтық базаны әзірлеу шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметімен өзара іс-қимыл жасауда мол тәжірибеге ие.

This site is registered on wpml.org as a development site. Switch to a production site key to remove this banner.