KAZ Minerals-тың корпоративтік құндылықтар боойынша байқауы

KAZ Minerals қауіпсіздік, адалдық, командалық жұмыс, кәсіби даму және ұзақ мерзімді тиімділікті қамтитын өзінің корпоративтік құндылықтарын ұстанады.

Топ шешім қабылдау және өз қызметінің нәтижелеріне мониторинг жүргізу кезінде корпоративтік құндылықтарды басшылыққа алады. Бұл құндылықтар біздің мәдениетіміздің негізі болып табылады және барлық деңгейде сақталады.

2016 жылдан бастап Топ жыл сайын ұйымда осы құндылықтарды бекіту мақсатында өз қызметкерлері арасында корпоративтік құндылықтар бойынша конкурс өткізіп келеді. Қызметкерлер жеке және топ ретінде корпоративтік құндылықтарға сәйкес Топтың қызметін дамытқан және жетілдірген инновациялық жобаларын ұсынады.

2022 жылы Алматы қаласында корпоративтік құндылықтар бойынша байқау жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті, бұл қатысушыларға COVID-19 пандемиясы басталғаннан бері алғаш рет жеке кездесуге мүмкіндік берді. Топтың бес корпоративтік құндылықтары бойынша 55 жоба іріктелді, ал қатысушылар мен қонақтар екі күндік қызықты бағдарламаға қатысты.

KAZ Minerals Тобы өкілдерінің бірлесуі әртүрлі өндірістік алаңдардан келген әріптестерімен өздерінің идеяларымен және озық тәжірибесімен алмасу үшін платформа құруға тамаша мүмкіндік болды.

«Мен өзіміздің өндірістік алаңымызда жүзеге асыруға болатын көптеген қызықты жобалар туралы білдім. Алаңдағы әріптестеріммен пікірталас өткізіп, байқаудың идеяларымен бөлістім. Күнделікті өмірде мен әдетте күн сайынғы өндірістік тапсырмаларды орындауға назар аударамын. Өндірістік алаңдарда жұмыс істейтін жұмыскерлерге осындай іс-шараларға қатысу өте пайдалы, себебі олар жаңа мақсат белгілеуге үлкен серпіліс береді. Бұл байқаудан мен зор күш-қуат алдым, көптеген жаңа идеялар пайда болды», – дейді Шығыс өңірі Ертіс кенішінің бастығы Нұрбол Ажинов.

This site is registered on wpml.org as a development site. Switch to a production site key to remove this banner.