Өсімдіктердің құрғақ дала жағдайындағы өміршеңдігін зерттеу
Қазақстан далалық және шалғынды жазықтарымен танымал, оның құрғақ климаты мен күшті желі өсімдіктерінің өсуін қиындатады.
Осыған байланысты Бозшакөл қызметкерлерінің командасы Павлодар облысында өсімдіктердің өміршеңдігін зерттеуге бастамашылық етті.
Oның мақсаты – өсімдіктерді суарусыз отырғызудың инновациялық әдістерінің Топ активтеріне іргелес аумақтардағы биоалуантүрлілікті және экологиялық тұрақтылықты арттыруға қалай ықпал ететінін көрсету.
Шектеулі жауын-шашын, жоғары булану деңгейі және топырақтағы қоректік заттардың аз мөлшері өсімдіктердің тіршілігіне айтарлықтай кедергі келтіреді. Температураның күрт ауытқуы және қатты жел өсімдіктердің сусыздануына және физикалық зақымдалуына одан әрі ықпал етеді. Бұл факторларды жеңу мұқият жоспарлауды және ормандарды қалпына келтіру бастамаларының ұзақ мерзімді тиімділігін қамтамасыз ету үшін бейімделу стратегияларын қолдануды талап етеді.
Топтың қоршаған ортаны қорғау және биоалуантүрлілікті сақтау бойынша міндеттемелеріне сәйкес Бозшакөл кен орнының Қоршаған ортаны қорғау департаменті Павлодар облысының құрғақ дала аймағындағы әртүрлі ағаш және бұта түрлерінің өміршеңдігін бағалауға бағытталған үш жылдық кешенді зерттеуді бастады.
Зерттеу топырақ құрамын, аумақтың геоморфологиясы мен климатын терең талдаудан басталып, орман өсіру жұмыстарын қамтыды. Зерттеу жұмыстары 2026 жылға дейін жалғасады.
Бұл бастапқы қадамдар өсімдік отырғызудың ең қолайлы орындарын және ормандарды қалпына келтіру үшін оңтайлы ағаш түрлерін анықтауда аса маңызды болды. Өсімдіктердің өміршеңдігін арттыру үшін жас көшеттер жергілікті климаттық жағдайларға бейімделуіне қарай мұқият таңдалды.
Көгалдандырудан басқа, таңдалған өсімдік отырғызу орындары екі функцияны орындайды: бір жағынан өндіріс алаңы мен вахталық қалашық арасындағы жасыл қорғаныш тосқауыл ретінде әрекет етсе, екінші жағынан парниктік газдардың жұтылуына ықпал етеді, себебі Топ өзінің қоршаған ортаға әсерін азайтуды және биоалуантүрлілікті сақтауды көздейді.
2026 жылға қарай Бозшакөл кен орнында он гектар жерге 48 000-ға жуық бұта мен ағаш көшеттері отырғызылады деп жоспарлануда. Зерттеу нәтижелері ең төзімді өсімдік түрлерін анықтау арқылы болашақ орман өсіру жұмыстарының табысты болуына ықпал етеді.
KAZ Minerals Тобы табиғатты жауапты басқару оның тұрақты даму стратегиясының негізгі бөлігі екеніне сенеді. Осы сияқты инновациялық-зерттеу жобаларына инвестиция салу және жергілікті қауымдастықтармен серіктестік жасау арқылы Топ әлдеқайда экологиялық және тұрақты болашақты құруға көмектесіп келеді.