Таза өзен арнасы
KAZ Minerals Тобы өз қызметін жүзеге асыратын аймақтарда өз қызметкерлері мен мердігерлерінің қоршаған орта қорғау туралы хабардар болуын құптайды және өз қызметкерлеріне экологиялық бастамаларды іске асыру бойынша қолдау көрсетеді
Мұндай іс-шаралардың мысалы ретінде 2022 жылдың тамыз айында Шығыс өңірдегі Артемьев алаңының қызметкерлері жүзеге асырған «Таза жағалау» жобасын келтіруге болады.
Жоба барысында бригада мүшелері Усть-Таловка кентіндегі Таловка өзенінің жағалауын тазалады. Ауыл Николаев байыту фабрикасына жақын жерде орналасқан, мұнда Артемьев кешенінің кені өңделеді. Таловка Убу өзеніне ағып түсетін шағын өзен, ол Ертіс өзенінің саласы болып табылады. Таловка өзенінің суын сонымен қатар Усть-Таловка тұрғындары өз бақшалары мен көкөніс бақтарын суару үшін пайдаланады.
Өзендер табиғи экожүйелердің маңызды бөлігі болып табылады және әртүрлі жануарлар мен өсімдіктердің тіршілігін қамтамасыз етеді. Өкінішке қарай, қоқыстардан пайда болатын техногендік ластану табиғи тіршілік ортасына қиындық тудыруы мүмкін. Артемьев кешенінің жұмыскерлері Усть-Таловка ауылындағы Таловка өзенінің жағасында жаздың соңында көптеген тұрмыстық қалдықтар, атап атйқанда: пластик шыныаяқтар мен пакеттер, сынған бөтелкелер мен қаңылтыр банкалардың жиналып қалғанын байқады. Өзеннің түбі шөгінділермен лайланып, өзен бойында құрғақ бұтақтар көбейіп, өзен жағасын қураған шөп басып кетті.
Қызметкерлер бірнеше бөлімдерден топ құрып, аумақты абаттандыру және қалпына келтіру шаралары бойынша шешім қабылдады. Олар рұқсат алу үшін жергілікті билік басшылығына жүгініп, Усть-Таловка тұрғындары өзеннің табиғи сұлулығынан ләззат алуы үшін олармен біріге отырып тазарту науқанын бастады, тұрмыстық қоқыстарды шығарып, аумақты тазартты. Жоба аясында KAZ Minerals компаниясы еріктілерге қоқысты шығару үшін екі тиегіш пен жүк көлігін ұсынды.
Науқан тек өзенді тазартуға ғана емес, сонымен қатар маңызды экологиялық мәселелер мен табиғи ресурстарды сақтау туралы хабардарлықты арттыруға бағытталған. Бұл БҰҰ-ның «Таза су және санитария» атты 6-МАҚСАТЫН білдіреді, ол жергілікті тұрғындардың су ресурстары мен санитарияны жақсартуды қолдауға және кеңейтуге бағытталған.
«Науқан біздің елді мекенді және оның айналасын жақсы көретін адамдардың бар екенін көрсетті. Қоршаған ортаны, табиғатты қорғау және сақтап қалу өз қолымызда және ол біздің мүддеміз», – деп атап өтті Артемьев учаскесінің кептіру және бейтараптандыру бөлімінің инженер-зертханашысы Асем Токенова.