Риддер қаласындағы балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт мектебінде өткізілген жеңіл атлетикадан ашық чемпионат
Қазақстан Республикасы күнін мерекелеу құрметіне орай 2022 жылғы 25 қазанда Риддер қаласының балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт мектебінің жас спортшылары жеңіл атлетикадан ашық чемпионатқа қатысты.
Жарыс әлеуметтік инвестициялар жобасы аясында KAZ Minerals компаниясы жақында жөндеген жүгіру жолдарында өтті. Содан бері балалар мен жасөспірімдер спорт клубында көптеген қызықты жарыстар, соның ішінде жеңіл атлетикадан ашық чемпионат өтті.
Жарысқа 120-ға жуық спортшы, оның ішінде Риддер қаласының балалары, сондай-ақ Ұлан, Шемонаиха аудандары мен Жаңа Бұқтырма кентінің қонақтары қатысты. Бір күнде жас спортшылар 200, 400 және 800 метр қашықтыққа жүгіріп, командалық эстафетаға қатысты.
«Жеңіл атлетикамен бір жылдан бері айналысып келемін. Мен осы клубта жаттығамын және маған осы жүгіру жолдары ұнайды. Бүгінгі жарыстың қызықты болғаны сонша, уақыттың қалай тез өткенін байқамай қалдым. Мен 200 және 400 метр қашықтыққа жүгіріп, бірінші орынды иелендім», – дейді Риддер қаласының №1 мектеп-лицейінің оқушысы, 11 жасар Анастасия Бирюкова.
1100-ге жуық бала Риддер қаласындағы балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт мектебіне барады. Мектеп 20 спорт түрі бойынша болашақ чемпиондарды дайындап келеді. 460 оқушы осы жүгіру жолдарында жаттығады.
«Оқушылар жаттығу алаңында жүгіріп, мектепте жаттығады. Бізде бұрылыстары бар жүгіру жолдарының бар екені қатты қуантады. Бұрын біз зауыттан алынған конвейер таспасын пайдаланушы едік. Ұзақ жылдар бойы бізді бір мектептен екінші мектепке ауыстыра беретін және өзімізбен бірге резеңкені алып жүруден басқа амалымыз жоқ болатын. Бізге сатып алынған жаңа жүгіру жолымыз риддерлік жасөспірімдер үшін таптырмас мүмкіндік, өйткені резеңке жабын жеңіл атлетикамен айналысатындар үшін өте маңызды. Сондай-ақ шеңбер бойынша бұрылып жүгіру мүмкіндігі спортшылардың жаттығуы үшін маңызды болып табылады. Бұл бір қабырғадан екінші қабырғаға дейін түзу сызықпен жүгіруден әлдеқайда өте жақсы», – дейді жаттықтырушы Татьяна Васильева.
Ол сонымен қатар осындай жарыстар спорттың дамуына және салауатты өмір салтын ұстануға ықпал етеді, жеңіл атлетикаға деген қызығушылықты арттырады деп мәлімдеді.