Карьердің автоматтандырылған құрғату жүйесі

Топырақтың жерасты суымен қанығуы карьер қабырғалары тұрақтылығының төмендеуіне және өндірістік қауіпсіздік қаупінің жоғарылауына әкеп соғады, ал карьерге ағып келетін судың көбеюі тау-кен жұмыстарының өнімділігін төмендетеді.

Судың ағып түсуіне жедел ден қою үшін Бозшакөлдегі гидрогеологтар алдын алу шарасы ретінде карьерді құрғатудың автоматтандырылған жүйесін енгізді.

Бұрғыланған тік су айдау ұңғымаларында орнатылған сорғы жүйесі арқылы жерасты су ағындары қиылысатын жерде карьерге ағып түсетін судың көлемі төмендейді. Карьер айналасында тереңдігі 80-нен 100 метрге дейін 11 су айдайтын ұңғымалар бұрғыланды. Әрбір ұңғыма жерасты суларын айдау үшін көп сатылы суасты сорғыларымен жабдықталған және карьерге ағып түсетін су ағындарын ұстап, оларды тікелей қалдыққоймаға бұратын бірыңғай құбыр жүйесіне біріктірілген.

Барлық су ұңғымалары су тұтынудың мақсатты деңгейіне жету және карьер қабырғаларының максималды тұрақтылығын қамтамасыз ету, сондай-ақ сорғылардың жұмысын оңтайландыру мақсатында гидрогеологтар тобына әр сорғы үшін су деңгейінің шектерін орнатуға мүмкіндік беретін автоматтандырылған жүйемен жабдықталған.

Нәтижесінде су айдау ұңғымаларынан жіберілген таза суды Бозшакөлдегі стандартты айналмалы сумен жабдықтау процесінің бөлігі ретінде айналымдағы су құбырлары жүйесі арқылы байыту фабрикаларына қайта айдауға болады. 2022 жылы 1400 мегалитрге жуық су сусыздандыру жүйесінен қайта бағытталған болатын, бұл өз кезегінде өндірістік процесте таза суды тұтыну деңгейін төмендетті.

Карьерде автоматтандырылған құрғату жүйесін енгізу Бозшакөл карьері жиектерінің қауіпсіздігін және тұрақтылығын арттырды. Орталық карьерге ағып келетін судың ағыны алдыңғы жылдармен салыстарғанда 60%-ға қысқарып, өндіру алаңы кем дегенде 70%-ға ұлғайды. Су айдау ұңғымалары арқылы карьерді алдын-ала сусыздандыру карьердің өнімділігін арттырды, сонымен қатар су бұруға жұмсалатын жалпы шығындарды азайтты және Бозшакөлде тұщы суды тұтыну көлемін азайтты.

This site is registered on wpml.org as a development site. Switch to a production site key to remove this banner.