Ақтоғай мен Аягөзде неғұрлым сапалы медициналық қызмет көрсетуге қолжетімділікті қамтамасыз ету
KAZ Minerals өзінің өндірістік кәсіпорындарына жақын орналасқан елді мекендерде әлеуметтік инвестициялық жобалардың көптеген түріне, соның ішінде денсаулық сақтауға бағытталған қызметтерге қолжетімділікті жақсарту жобаларына қолдау көрсетеді.
Осы жылдар ішінде Топ аталған секторда ұлттық және жергілікті деңгейде бірқатар жобаларды жүзеге асырумен айналысты. Топтың көптеген операциялары ауылдық жерлерде орналасқандықтан, жергілікті халықты қолдау – біздің әлеуметтік қызметімізде бірінші орында.
Дүние жүзіндегі ауылдық жерлердің тұрғындары өз ауылдары мен қалаларында медициналық көмекке қол жеткізуде қиындықтарға тап болуы мүмкін, ал қызметін жүзеге асыратын медициналық орталықтарда жабдықтар жеткіліксіз, кадрлар жетіспеуі мүмкін. Егер шұғыл және кешенді медициналық көмек қажет болса, жақын маңдағы қалаға бару қажет болуы мүмкін. Ақтоғай алаңының жанында орналасқан елді мекендерде Топ жергілікті денсаулық сақтау қорларымен, қайырымдылық ұйымдарымен, ауруханалармен және аймақтық органдармен ынтымақтаса отырып, жергілікті тұрғындарға тегін медициналық көмек көрсететін жергілікті мемлекеттік ауруханалар мен медициналық орталықтарды қаржыландырады. Соңғы жылдары Топ Ақтоғай және Аягөз кенттеріндегі ауруханалар үшін өмірлік маңызы бар жабдықтарды сатып алуды қаржыландырды және инфрақұрылымды жақсарту бойынша жұмыс жүргізді. Осы жобалар аясында Топ БҰҰ-ның денсаулық пен әл-ауқатты нығайтуға қатысты 3 МАҚСАТЫНА қол жеткізу бойынша жұмыстарды жалғастыруда.
Ақтоғай және Қопа ауалдарына арналған жедел жәрдем көліктері
Топ 2022 жылы шілде айында Ақтоғай және Қопа ауылдарының медициналық мекемелеріне екі жедел жәрдем көлігін сатып әперді. Ақтоғайдағы медициналық клиника 7000-нан астам емделушілерге қызмет көрсетеді, ал Қопа ауылындағы клиникада 1000-ға жуық адамға қызмет көрсетіледі. Қопа ауылындағы емханада дәрігер жоқ, медбикелер ғана жұмыс істейді, сондықтан дәрігердің бақылауы қажет болса, емделушілер Ақтоғай ауылына жиі барады. Медициналық клиникаларға ұсынылған жедел жәрдем көліктерінің үлгісі аймақтың шалғай аудандарына баруға мүмкіндік беретін техникалық сипаттамаларына байланысты таңдалды.
«KAZ Minerals Aktogay» ЖШС Мемлекеттік органдармен жұмыс жүргізу директоры Әсет Абызов медициналық мекемелердің өкілдеріне жедел жәрдем көліктерін ұсынды. Іс-шараға жергілікті үкімет органдарының басшылары, ақсақалдар кеңесінің мүшелері және медицина қызметкерлері қатысты.
«Біз жедел жәрдем көлігін көп күттік. Халықтың игілігі үшін ұзақ қызмет етіп, көптеген адамдардың өмірін құтқарады деп сенемін», – деді Ақтоғай амбулаториясы бас дәрігерінің міндетін атқарушы Мерей Нурсейтова.
«Біз KAZ Minerals компаниясына бізге қажетті жедел жәрдем көлігін сатып әпергені үшін алғысымызды білдіреміз. Бұл біздің дәрігерлердің жұмысын едәуір жеңілдетеді. Бірнеше жылдан бері жедел жәрдем көліктерінің жетіспеушілігінен шұғыл медициналық көмек көрсетуде қиындықтарға тап болдық. Әсіресе пандемия кезінде өте қиын болды», – деді Қопа ауылдық округінің басшысы Нұрлан Жетібаев.