Ақтоғайдағы Жер күні
Жер күні жыл сайын 22 сәуірде атап өтіледі және ол қоршаған ортаны қорғауға арналған әлемдік үндеу болып табылады.
1970 жылдан бері Жер күні әлемдік деңгейдегі қозғалысқа айналып, бүгінде 193 елде миллиардтан астам адамды біріктіреді.
Олар ағаш отырғызу, экологиялық тазалық шаралары, білім беру жобалары және тұрақты даму тәжірибелерін насихаттау сияқты бастамаларға қатысады.
2024 жылы Жер күні өзінің 54 жылдығын атап өтті. Осы кезеңдегі іс-шаралар климаттың өзгеруімен күреске және тұрақты болашақты қамтамасыз ету үшін жаһандық ынтымақтастықтың маңыздылығына бағытталды. Ақтоғай ұжымы бұл бастаманы қолдап, экологиялық жауапкершілікке және қоғаммен өзара әрекеттесуге дайын екендігін дәлелдеді. Олар тұрақты даму ортақ мақсат пен бірлікті арттыратынын, қызметкерлер арасындағы командалық жұмысты нығайтатынын түсінеді.
2024 жылғы Жер күні қарсаңында Ақтоғай экологтары «Жерді бірге қорғайық» атты бастаманы қолға алып, қызметкерлерді ағаш отырғызу шарасына жұмылдырды.
Бұл іс-шара Топтың тұрақты даму принциптерін ұстанатынын және бірлескен жұмыстың нәтижелі екенін дәлелдеді.
Науқанға ынтамен қатысқан қызметкерлер 500 ағаш отырғызды, оның ішінде 420 шегіршін мен 80 терек бар. Іс-шара ұжымды біріктіруге, әріптестер арасындағы қарым-қатынасты нығайтуға және ынтымақтастықты арттыруға ықпал етті.
Актоғай ұжымы қызметкерлерді тұрақты даму бастамаларына белсенді тарта отырып, тек Жер шарына оң әсер етіп қана қоймай, экологиялық сананы, ынтымақтастықты және табысты қатар қоятын жұмыс ортасын қалыптастырады.