Ауыр техника жүргізушілерін хабарлау жүйесі

KAZ Minerals қауіпсіздік және денсаулық сақтау көрсеткіштеріне басымдық береді және өзінің «Goal Zero» бастамасы аясында өз кәсіпорындарындағы қауіпсіздікке байланысты оқиғалардың санын нөлге дейін қысқартуға тырысады.

Ұйқышылдық, шаршау және алаңдаушылық адамның қателік жасау ықтималдығын арттыратыны және ағаттық жіберуге әкеп соқтыратыны белгілі, бұл жағдайлардың ең жаманы өлімге душар етеді. Топ кеніштерінде қолданылатын ауыр техника бұл қауіпті арттырады, сондықтан Топ Бозшакөл алаңындағы тау-кен жабдықтары паркіндегі өзі аударғыш көліктері мен су таситын көліктердің жүргізушілерінің жай-күйі туралы хабарлау жүйесін орнатты.

Жүргізушілердің жай-күйін туралы хабарлау жүйесі шаршау мен алаңдату факторларын анықтауға арналған біріктірілген шешімді, жүргізушілерді ескерту жүйесін және оқиғалар туралы есептерді ұсынады, бұл жүргізушілерге ауысым барысында алаңдамауына көмектеседі. Бұл жүйені енгізбес бұрын Топ базалық тестілеу жүргізді, ал жүйені орнатқаннан кейін ықтимал оқиғалардың саны 98%-ға қысқарғаны анықталды.

Жүргізушілердің жай-күйі туралы хабарлау жүйесі нақты уақыт режимінде жүргізушінің шаршауына және алаңдауына қатысты қауіп санатын көрсетеді, сонымен қатар ықтимал жазатайым оқиғалардың алдын алу үшін шаршау мен алаңдаушылық туралы сенімді ескертулер жібереді. Ол жеке жүргізушілердің шаршау қаупін үнемі бағалауға арналған бұлтты платформамен жабдықталған, бұл қажет болған жағдайда араласуға мүмкіндік береді. Жүйе өзі аударғыш көлік кабинасының алдыңғы панелінде, жүргізушіге қарама-қарсы жерде орнатылады және ақпаратты кеніштің диспетчерлер тобына жіберетін инфрақызыл камерадан тұрады. Жасанды интеллект бағдарламасы жүргізушінің іс-қимылдарын және көзінің қозғалыстарын талдай отырып, нақты уақыт режимінде жүргізушіге және қашықтағы бақылау блогына дыбыстық және діріл сигналдарын беріп, жабдық жүргізушілеріне хабарлама жолдайды. Қашықтан бақылау орталықтары кеніш басшылығына жедел әрекет етуді қажет ететін кез келген маңызды оқиғалар туралы есеп бермес бұрын әрбір хабарламаға тәуелсіз тексеру жүргізеді.

Бозшакөлдегі жедел топ оның әрбір мүшесі үшін міндеттерді бөле отырып, шаралар мен рәсімдер жиынтығы бар жүйелік хабарламаларды бақылау және оларға жауап беру процесін әзірледі.
Камералар жүргізушілердің назарын қадағалап қана қоймай, апаттардың себептерін зерттеуге көмектеседі. Зейінді жоғалту тіркелген кезде жазба автоматты түрде серверде сақталады және есеп мәтіндік хабарлама немесе электрондық поштаға хабарлама ретінде жіберіледі. Бұл кеніш басшылығына жүргізушілердің жеке мән-жайларына байланысты оларға көмек көрсетуге мүмкіндік береді.

This site is registered on wpml.org as a development site. Switch to a production site key to remove this banner.