Жыл сайынғы жеке қорғаныс құралдары мен арнайы киімдер каталогын жаңарту аясында KAZ Minerals тобы қазақстандық жергілікті өндірушілер үшін 2024 жылдың 9 қыркүйегі мен 13 қыркүйегі аралығында Достық 85а, 2-қабат, «Аурум» залы мекенжайында жеке қорғаныс құралдары мен арнайы киімдер жәрмеңкесін өткізуді жоспарлап отыр.
Қатысуға өтінім беру үшін өндірушілерден қажетті ақпаратты 2024 жылдың 26 тамызына дейін Nurzhan.Kurmankulov@kazminerals.com электронды поштасына жіберулеріңізді сұраймыз (Тел.: +7 727 244 0353 ішкі 15205):
- Толтырылған сауалнама (Қосымша №1)
- ТР ТС 019 сертификаты, шығарылатын өнімдер үшін (дайын бұйымдар)
- СТ KZ сертификаты, шығарылатын өнімдер үшін (дайын бұйымдар)
- Индустриалды сертификат
Жеке қорғаныс құралдары каталогы және техникалық сипаттама (Қосымша №2 бойынша, бірақ ұсынылған категориялармен шектелмей) - Арнайы киімдердің тізімі және техникалық сипаттама (Қосымша №3 бойынша, бірақ ұсынылған категориялармен шектелмей)
Қажетті құжаттарды алғаннан кейін қатысушыларды іріктеу өткізілетін болады, ақпараттың толықтығы мен сәйкестігіне қарай.
Қатысуға рұқсат алу туралы шақыру 2024 жылдың 2 қыркүйегіне дейін электронды пошта арқылы жіберілетін болады.