Ақтоғайдағы тәлімгерлік бағдарламасы

Ақтоғайда тәлімгерлік бағдарламасы әзірленіп, жаңадан қабылданған қызметкерлерге өздерінің жұмысына бейімделіп кетуге көп көмектесті.

Тәлімгерлік бағдарламасының екі түрі бар: біреуі жаңадан қабылданған қызметкерлерге арналған, екіншісі жұмыс тәжірибесі жоқ түлектерге арналған. Бағдарламаның ұзақтығы тәлімгерлік түріне байланысты, яғни жаңадан қабылданған қызметкерлерге әдетте үш айлық бағдарлама жеткілікті, ал түлектерге арналған тәлімгерлік бағдарламасы бір жылға дейін созылады.
Тәлімгерлік – бұл практикалық дағдылар мен конструктивтік кері байланысты дамытуда жеке көмек көрсету арқылы жаңадан қабылданған қызметкерді оның рөліне бейімдеу процесі. Кәсіптік оқыту нысаны ретінде оны алаңдағы тәжірибелі қызметкерлер, сондай-ақ оқыту және дамыту тобы жүргізеді.

Тәлімгерлік бағдарламасының негізгі мақсаты мен міндеттері – жаңадан қабылданған қызметкерлерге Топтың жұмыс әдістерін түсінуге және Топтың корпоративтік құндылықтарына қосылуға көмектесу. Бұл Топтың «Living Goal Zero» атты қауіпсіздік пен денсаулыққа байланысты оқиғаларды нөлге дейін азайту бастамасының маңызды бөлігін құрайды. Бұл жаңадан қабылданған қызметкерлерге өндіріс орнында қолданылатын жаңа технологиялар мен тәжірибелерді игеруге көмектеседі, ұзақ мерзімді тиімділіктің маңыздылығын көрсетеді, сонымен қатар қызметкерлердің жұмысқа және кәсіби дамуға деген ынтасын арттырады.

Бұл бағдарламада кем дегенде бір жылдық тәжірибесі бар және қауіпсіздік пен денсаулықтың маңыздылығын дәлелдеген, сондай-ақ техникалық, тұлғааралық және көшбасшылық дағдылары мен құзыреттіліктері оларға жақсы үлгі болуға мүмкіндік беретін белсенді қызметкерлер болып табылатын тәлімгерлер шешуші рөл атқарады. Тәлімгерлердің өздері басқа қызметкерлерге тәлімгер болмас бұрын мұқият дайындықтан өтеді.

Кейде жас, бірақ тәжірибелі жұмыскерлер тәлімгер болып тағайындалады. Солардың бірі – оқуды бітіргеннен кейін KAZ Minerals-қа бірден тағылымдамадан өтуге келген электрик Мәди Сәкенов, ол екі жыл жұмыс істегеннен соң тәлімгер атанды.
«Мәдидің менің тәлімгерім болғанына қуанамын. Өйткені ол әрқашанда менің жанымда болып, маған көп қолдау көрсетті. Оның арқасында мен алаңдағы электр жабдықтары мен технологиялық процестерді оңай үйреніп алдым. Ол жас болса да, өз жұмысын жақсы біледі және оның арқасында командаға қосылу әлдеқайда оңай болды. Алғашында маған вахталық әдіспен жұмыс істеп үйрену қиын болды, бірақ Мәдидің және команданың қолдауының арқасында мен бұл қиындықты жеңдім. Енді маған ауысыммен жұмыс істеу өте ұнайды», – деді инженер-электрик Мұрат Есергепов.

Тәлімгерлік бағдарламасы еңбек қауіпсіздігі мен гигиенасын жақсартуға ықпал етіп, қызметкерлердің қанағаттану деңгейін арттыруда және Ақтоғай алаңында өнімділікті арттыруға көп септігін тигізуде. Бағдарлама нәтижелері 2020 жылдың маусым айы мен 2022 жылдың наурыз айы аралығында тәлімгерлік бағдарламасына қатысу кадрлардың тұрақтамауын 400%-ға төмендеткенін көрсетті. Жыл сайын еңбек қатынастары және оқыту және дамыту бөлімінің мамандары пікірлер жинау және бағдарламаның тиімділігін одан әрі арттыру үшін тәлімгерлік бағдарламасына қатысқан қызметкрелермен кездесулер өткізіп тұрады.

This site is registered on wpml.org as a development site. Switch to a production site key to remove this banner.