Күнделікті өмірде қауіпсіздік ережелерін сақтау: Goal Zero – өмір салты ретінде
«Goal Zero» бағдарламасы
Біздің мақсатымыз – KAZ Minerals қызметімен байланысты әр адамның қауіпсіздік талаптарын сақтауын талап ету. Біз KAZ Minerals қызметінің барлық аспектілерінде тамырын терең жайған қауіпсіздік мәдениетін құруға ұмтыламыз.
2019 жылы KAZ Minerals компаниясы қызметкерлердің және қызметін жүзеге асыратын елді мекендерде қоршаған ортаның қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша Топтың ұстанымын көрсету үшін Goal Zero бастамасын іске қосты. Содан бері осы міндеттемеден туындайтын артықшылықтар біздің қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша көрсеткіштерімізден көрініс тапты. 2019 жылмен салыстырғанда 2022 жылы тіркелген жарақаттардың жалпы саны (TRI) 63-тен 47-ге дейін қысқарды, соның ішінде еңбек ету қабілетінен айырумен байланысты алған жарақаттардың саны 44-тен 33-ке дейін күрт төмендеді. 2021 және 2022 жылдары Топ кәсіпорындарында өліммен аяқталған бір де бір жазатайым оқиға болған жоқ.
Goal Zero – өмір салты ретінде
2022 жылы Топ «Goal Zero» бастамасының жетістігін дамыту бойынша шешім қабылдап, «Living Goal Zero» бастамасын енгізді. Қауіпсіздікке байланысты оқиғалардың түпкі себептерін талдау мінез-құлық факторларының маңызы зор екенін көрсетеді және осыған байланысты KAZ Minerals компаниясы қызметкерлер мен мердігерлерді қауіпсіздікті қамтамасыз етудің озық әдістерін тек жұмыс тәсілі емес, өмір салты ретінде қарастыруға ынталандыру үшін жаңартылған науқан әзірледі.
Топ қызметкерлері арасында мықты қауіпсіздік мәдениетін енгізуге және мүлдем жарақат алмау мақсатына жетуге көмектесу үшін Топтың қауіпсіздік және денсаулық сақтау департаменті жұмыста да, одан тыс жерлерде де сақталуы керек 11 міндетті қауіпсіздік ережесін көрсететін ақпараттық науқанды әзірледі.
Жыл бойы Топ қызметкерлерге де, мердігерлерге де қойылатын жоғары қауіпсіздік стандарттарын бірнеше рет жариялады. Оларға қауіпсіздік жөніндегі егжей-тегжейлі нұсқамалықтар және оқытулар, «Goal Zero» бастамасына қатысу, тәуекелдерді бағалау және басқару, SLAM әдісі («Тоқта, жан-жағыңа қара, бағала, басқар») және басқа да қауіпсіздік процедуралары кіреді. Бұл туралы ережелер талқыланбайды және мердігерлермен жасалған барлық шарттарға енгізілген, сондықтан KAZ Minerals-пен байланысты барлық адамдар біздің қауіпсіздік стандарттарымызды сақтауға жауап береді.