Адалдық, саясаттар және талаптарға сәйкестік
Бір-біріне, біздің клиенттерге, реттеуші органдарға, мердігерлер мен жеткізушілерге жауапты және адал болудың шешуші мәні бар, ал адалдық – Топтың негізгі корпоративтік құндылығының бірі.
ESG тәжірибе жүзіндегі мысалдары
Төменде Топтың негізгі саясаттарын жүктеп алуға болады:
Парақорлық пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі кодекс
Жұмысқа әділ түрде орналастыру кодексі
Әралуандылық және теңдік саясаты
Сыйлықтарға және қонақжайлылық танытуға қатысты саясат
Адам құқығы саласындағы саясат
Салық төлеуден жалтаруға қарсы әрекет ету саясаты
Мемлекет пайдасына жасалатын төлемдер
Жеткізушілер жарғысы
Заңнаманы және этикалық нормаларды бұзу туралы хабарлау саясаты (Speak Up)
Салық стратегиясы
Біздің этикалық басқару шеңберіміз
«KAZ Minerals» компаниясының бақылау кеңесі этика нормаларын сақтауға деген көзқарасымызды басқару үшін толық жауап береді.
Топтың Парақорлық пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саясаты Ұлыбританияның 2010 жылы қабылданған “Парақорлық туралы” Заңының талаптарына сәйкес әзірленген және 2011 жылдан бастап Топтың барлық бөлімшесінде қолданылады.
Бұзушылықтар туралы ақпараттандыру жүйесі қызметкерлерге тәуелсіз жедел желі арқылы іскерлік қызметтегі адалдық, қауіпсіздік, қоршаған ортаны қорғаудағы бұзушылықтар немесе кез келген басқа да мәселелер бойынша өзінің қауіптері туралы анонимді түрде хабарлауға мүмкіндік береді. Әрбір шалынған қоңырау бойынша тергеу жүргізіледі, ал Бақылау кеңесі алынған есептерді тұрақты түрде бақылап тұрады.