Қазақстандық тауар өндіруші
«KAZ Minerals» компаниялары Тобының мақсаты – Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатына сәйкес сатып алынатын тауарлардың жалпы көлеміндегі қазақстандық қамтуды одан әрі арттыру.
Егер Қазақстандағы тауар өндіруші болсаңыз және тауарларды KAZ Minerals Тобының кәсіпорындарына жеткізгіңіз келсе, мына іс-әрекеттерді жасау қажет:
1.
Төмендегі сілтеме бойынша өтіп, KAZ Minerals Тобының ақпараттық жүйелеріне тіркеліңіз.
2.
KAZ Minerals Тобының тауарлар сатып алу туралы жаңартылған ақпаратын жүктеп алыңыз ((сілтеме бойынша). Бұл ақпарат тоқсан сайын жаңартылып тұрады;
3.
Файлда өзіңіз жеткізуге немесе өндіруге дайын тауарлардың түрін көрсетіңіз;
4.
Қолданыстағы құжаттардың сканерленген көшірмелері топтамасын дайындап қойыңыз: ST KZ, Индустриалдық сертификат және Мемлекеттік тіркеу туралы куәлік;
5.
Файл мен құжаттар топтамасы салынған өтінімді otp@kazminerals.com электрондық поштасына жіберіңіз;
6.
KAZ Minerals Тобының қызметкерлерінен жауап күтіңіз. Тауардың ерекшелігіне байланысты құжаттарды қарау мерзімі кемінде 10-15 жұмыс күнін құрайды.
Өтінімді алғаннан кейін KAZ Minerals Тобының өкілдері ұсынылған деректерді талдап, жауап береді. Бұдан бөлек, KAZ Minerals Тобының өкілдері қосымша құжаттар мен мәліметтерді қажеттілігіне қарай сұратуға құқылы.
Оң шешім қабылданған жағдайда Сізбен жеткізу келісімшарты не болмаса өнеркәсіптік сынақтарды міндетті түрде өткізу арқылы ұзақ мерзімді келісімшарт жасалады (екі кезеңдік келісімшарт, 1-кезеңі – зертханалық және/немесе өнеркәсіптік сынақтар, 2-кезең – бірінші кезеңді сәтті өткізгеннен кейін сериямен жеткізу).
Анықтама алу үшін байланыс деректері:
Мадыбаев Ринат Оралович
«KAZ Minerals Management» ЖШС Жабдықтау департаментінің Сатып алуларды сүйемелдеу басқармасының бастығы
e-mail: rinat.madybayev@kazminerals.com
тел.: +7 727 244 03 53 ішкі нөмірі 15352
Руслан Коспахов
«KAZ Minerals Management» ЖШС Жабдықтау департаментінің Операциялық сатып алулар басқармасының бастығы
e-mail: ruslan.kospakhov@kazminerals.com
тел.: +7 727 244 03 53 ішкі нөмірі 15281
ЖҮКТЕП АЛУ ҮШІН ТӨМЕНДЕГІ СІЛТЕМЕ БОЙЫНША ӨТУІҢІЗДІ СҰРАЙМЫЗ
KAZ Minerals Тобының талап етуі негізінде LGM ұсыныстары