Джейми Каратти
«KAZ Minerals Bozshakol» ЖШС Бас директоры
Джейми Энтони Каратти 2022 жылдың сәуір айында «KAZ Minerals Bozshakol» ЖШС Бас Директоры болып тағайындалды. Джейми KAZ Minerals Тобында 2018 жылдан бастап жұмыс істейді, «KAZ Minerals Bozshakol» ЖШС Бас Директоры лауазымына тағайындалғанға дейін ол Ақтоғай кен орнындағы тау-кен жұмыстарын басқарумен айналысқан. Джеймидің тау-кен өндірісі саласындағы басқарушылық тәжірибесі 17 жылдан асады. KAZ Minerals Тобына келгенге дейін Джейми бірқатар ірі тау-кен өндірісі компанияларында басшылық қызметтерді атқарған, соның ішінде Kalgoorlie Consolidated Gold Mines, Barrick Gold, Macmahon Holdings Limited және Morobe Mining JV. Джейми Батыс Аустралиядағы Кертина Технологиялық университетін бітірген.