Владимир Сергеевич Ким

Топ Төрағасы

Директорлар Кеңесіне тағайындалуы 2004 жыл

Vladimir Kim

Жұмыс тәжірибесі

Тау-кен өндіру өнеркәсібі саласындағы білімі жетік бола тұрып және Қазақстанның саяси және нормативтік-құқықтық ортасын толығымен түсіне отырып, Владимир Сергеевич Қазақстанның тау-кен өндірісі өнеркәсібіндегі өзінің мол жұмыс тәжірибесін пайдалануда және Компанияның Қазақстан үкіметімен және жергілікті билік органдарымен жұмыс істеуіне көмек және қолдау көрсетуде маңызды рөл атқаруда. 2021 жылы сәуір айында Владимир Сергеевич Олег Николаевичпен бірге Nova Resources жалғыз түпкі бенефициарлық иелері ретінде KAZ Minerals компаниясын сатып алған және оның акцияларын қор биржасының тізілімінен алып тастап, Компанияны жауапкершілігі шектеулі жеке меншік компания ретінде қайта тіркеді.

Владимир Сергеевич «Жезқазғантүстімет» АҚ компаниясының басқарушы директоры және бас атқарушы директоры болып тағайындалғаннан кейін 1995 жылы Топтағы еңбек қызметін бастаған. 2000 жылы ол аталған компанияның директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланған.

This site is registered on wpml.org as a development site. Switch to a production site key to remove this banner.