2023 ЖЫЛҒЫ 31 ЖЕЛТОҚСАНДА АЯҚТАЛҒАН ОН ЕКІ АЙ МЕН ТӨРТІНШІ ТОҚСАН БОЙЫНША KAZ MINERALS ТОБЫНЫҢ ӨНІМДЕРІН ӨНДІРУ ЖӘНЕ САТУ ТУРАЛЫ ЕСЕП
|
|
|
12м |
12м |
|
4 Т 2023 |
3 Т 2023 |
4 Т 2022 |
|
Мыс өндіру1 |
мың тонна |
403,4 |
379,7 |
|
102,2 |
101,7 |
97,8 |
|
Ақтоғай |
мың тонна |
252,4 |
227,5 |
|
60,4 |
65,4 |
59,7 |
|
Бозшакөл |
мың тонна |
104,6 |
102,1 |
|
27,1 |
27,3 |
24,2 |
|
Шығыс өңірі және Бозымшақ |
мың тонна |
46,4 |
50,1 |
|
14,7 |
9,0 |
13,9 |
|
Алтын өндіру2 |
мың унция |
162,0 |
171,0 |
|
41,7 |
42,4 |
42,1 |
|
Күміс өндіру2 |
мың унция |
4 008 |
3 768 |
|
1 004 |
1 026 |
1 050 |
|
Концентраттағы мырыш |
мың тонна |
51,4 |
47,0 |
|
15,0 |
12,5 |
17,6 |
|
Мыс сату3 |
мың тонна |
445,4 |
382,3 |
|
101,2 |
121,1 |
101,9 |
|
Алтын сату4 |
мың унция |
178,8 |
177,5 |
|
38,2 |
47,7 |
35,2 |
|
Күміс сату4 |
мың унция |
4 107 |
3 898 |
|
916 |
1 158 |
903 |
|
Концентраттағы мырышты сату |
мың тонна |
52,9 |
47,2 |
|
11,6 |
12,1 |
14,5 |
- Ақтоғай кен орнының оксидті кенінен алынған концентраттағы және катодты мыстағы төленетін металдың көлемі
- Концентраттағы төленетін металл көлемі
- Ақтоғай кен орнының оксид кенінен толлинг және катодты мыс схемасы бойынша өндірілген металдың, концентраттағы төленетін металдың көлемі
- Толлинг схемасы бойынша өндірілген металдың, концентраттағы төленетін металдың көлемі
Негізгі көрсеткіштер
- 2023 жылы KAZ Minerals Тобы 403 мың тонна мыс өндірді, бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 6%-ға көп (2022 ж.: 380 мың тонна) және Топтың тарихындағы ең жоғарғы көрсеткіш болып табылады, бұған 2022 жылы екінші сульфидті байыту фабрикасында әлемдік деңгейдегі өндірісті ұлғайтудан кейін Ақтоғайда өнім шығару көлемінің ұлғаю себеп болды. Бозшакөлде жалғасып келе жатқан өндірістік жетілдірулер де құрамның болжалды азаюына қарамастан кәсіпорынға мыс өндірісін арттыруға мүмкіндік берді.
- Басшылықтың өнімділікті ең жоғары көрсеткішке жеткізуге деген ұмтылысы жемісті нәтиже берді: Ақтоғай, Бозшакөл және Бозымшақтағы барлық байыту фабрикалары бір жылдың ішінде жобалық қуаттылықты арттыра отырып жұмыс істеді.
- Концентраттағы мырышты өндіру 9%-ға өсті, себебі мырыштың кендегі едәуір жоғары құрамы мен алу коэффициентінің артуы Шығыс өңірдегі өндіріс көлеміне жағымды әсер етті. Топ құрамында металл мөлшері жоғары кенді қайта өңдегендіктен күміс өндіру көлемі 6%-ға өсті, ал Бозымшақта қайта өңделетін кендегі металл мөлшерінің күтілетін төмендеуіне байланысты алтын өндіру көлемі 5%-ға төмендеді.
- Дайын өнімнің жинақталған қорларын сату нәтижесінде мысты 445 мың тонна көлемінде сату өндіріс көлемінен 10%-ға жоғары болды. Барлық ілеспе өнімді сату көлемі де өндіріс көлемінен асып түсті. Топқа өткен жылмен салыстырғанда теміржол логистикасының жақсаруы, сондай-ақ тапсырыс берушілердің тарапынан оның өнімдеріне жоғары сұраныс оң әсер етті.
KAZ Minerals Тобының Басқарма Төрағасы Эндрю Саузам «2023 жылы KAZ Minerals Тобы рекордтық 403 мың тонна мыс өндірді, бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 6%-ға көп болып табылады, бұған 2022 жылы екінші сульфидті фабрикада әлемдік деңгейдегі өндірісті ұлғайтудан кейін Ақтоғайда өндіріс көлемінің ұлғаю себеп болды. Басшылықтың операциялық қызметті жетілдіруге үнемі назар аударуы бір жылдың ішінде барлық байыту фабрикаларындағы кенді қайта өңдеу көлемінің жобалық қуаттылықтан асып кетуіне жетеледі. Сондай-ақ Топтың сату көлеміне 2022 жылдан ауыстырылған дайын өнім қорларын айтарлықтай қысқарту әсер етті» деп түсініктеме жасады.
Қосымша ақпарат алу үшін келесі байланыс деректеріне хабарласуларыңызды өтінеміз:
|
KAZ Minerals |
|
|
|
Мари Эдвардс Максут Жапабаев |
Корпоративтік хатшы, Лондон Корпоративтік байланыстар департаменті, Алматы |
Тел.: +44 20 7901 7832 Тел.: +7 727 244 03 53 |
ЗАҢДЫ МЕКЕНЖАЙЫ:
7th Floor, 83 Victoria Street, London SW1H 0HW, United Kingdom (7-қабат, Виктория көш., 83, Лондон SW1H 0HW, Ұлыбритания).