2023 ЖЫЛҒЫ 30 МАУСЫМДА АЯҚТАЛҒАН АЛТЫ АЙҒА ЖӘНЕ ЕКІНШІ ТОҚСАНҒА KAZ MINERALS ӨНІМДЕРІН ӨНДІРУ ЖӘНЕ ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ ЕСЕП
|
|
|
6ай 2023 |
6ай 2022 |
|
2Т 2023 |
1Т 2023 |
2Т 2022 |
|
Мыс өндіру1 |
мың тонна |
199,5 |
179,9 |
|
104,4 |
95,1 |
90,0 |
|
Ақтоғай |
мың тонна |
126,6 |
104,2 |
|
64,7 |
61,9 |
53,5 |
|
Бозшакөл |
мың тонна |
50,2 |
51,6 |
|
26,5 |
23,7 |
24,9 |
|
Шығыс өңірі және Бозымшақ |
мың тонна |
22,7 |
24,1 |
|
13,2 |
9,5 |
11,6 |
|
Алтын өндіру2 |
мың унция |
77,9 |
84,5 |
|
41,4 |
36,5 |
41,8 |
|
Күміс өндіру2 |
мың унция |
1 978 |
1 732 |
|
1 141 |
837 |
844 |
|
Концентраттағы мырыш |
мың тонна |
23,9 |
19,2 |
|
14,8 |
9,1 |
8,5 |
|
Мыс өткізу3 |
мың тонна |
223,1 |
187,5 |
|
114,8 |
108,3 |
96,7 |
|
Алтын өткізу4 |
мың унция |
92,9 |
99,5 |
|
49,9 |
43,0 |
49,1 |
|
Күміс өткізу4 |
мың унция |
2 033 |
1 992 |
|
1 059 |
974 |
990 |
|
Концентраттағы мырыш өткізу |
мың тонна |
29,2 |
24,1 |
|
15,6 |
13,6 |
9,1 |
- Ақтоғай кен орнының оксидті кенінен алынған концентраттағы және катодты мыстағы төленетін металдың көлемі
- Концентраттағы төленетін металл көлемі
- Ақтоғай кен орнының оксид кенінен толлинг және катодты мыс сұлбасы бойынша өндірілген металдың, концентраттағы төленетін металдың көлемі
- Толлинг сұлбасы бойынша өндірілген металдың, концентраттағы төленетін металдың көлемі
Негізгі көрсеткіштер
- 2023 жылдың бірінші жарты жылдығында КАЗ Минералз компаниясы 200 мың тонна мыс өндірді, бұл кен өндіру көлемі мен мыс алу коэффициенті ұлғайған Ақтоғай сульфидті фабрикасының жоғары өнімділігінің арқасында 2022 жылдың бірінші жарты жылдығымен салыстырғанда 11%-ға жоғары.
- 2023 жылдың бірінші жарты жылдығында күміс өндірісі кендегі күмістің мөлшері жоғары болуына байланысты 14%-ға өсті. Концентраттағы мырыш өндіру мырыш мөлшері жоғары болуына және алу коэффициентінің өсуіне байланысты 24%-ға өсті, ал алтын өндірісі Бозшакөл мен Бозымшақтағы кендегі алтын мөлшерінің күтілетін азаюына байланысты 8%-ға қысқарды.
- Топ дайын өнімнің жинақталған қорларын өткізуді жалғастырды, бұл ретте мыс өткізу көлемі 2023 жылдың бірінші жарты жылдығында 223 мың тоннаны құрады, бұл өндіріс көлемінен 23 мың тоннаға жоғары. Ілеспе өнімнің барлық түрлерін өткізу көлемі де олардың өндіріс көлемінен асып түсті. Топқа өткен жылмен салыстырғанда теміржол логистикасының жақсаруы, сондай-ақ тапсырыс берушілердің тарапынан оның өнімдеріне жоғары сұраныс оң әсер етті.
KAZ Minerals Тобының Басқарма Төрағасы Эндрю Саузам: «2023 жылдың бірінші жарты жылдығында КАЗ Минералз 200 мың тонна мыс өндірді, бұл 2022 жылдың бірінші жарты жылдығымен салыстырғанда 11%-ға жоғары, өйткені Ақтоғайда өндіріс көлемі мен мыс алу коэффициенті ұлғайды, бұған Бозшакөл, Шығыс өңірі мен Бозымшақтың операциялық қызметінің жоғары нәтижелері ықпал етті. Топ жақсартылған теміржол логистикасын және Қытайдағы тапсырыс берушілердің тарапынан жоғары сұранысты пайдалана отырып, өзінің дайын өнім қорларын біртіндеп азайтуда»– деп пікір білдірді.
Қосымша ақпарат алу үшін хабарласуларыңызды өтінеміз:
|
KAZ Minerals |
|
|
|
Мари Эдвардс Максут Жапабаев |
Корпоративтік хатшы, Лондон Корпоративтік байланыстар департаменті, Алматы |
Тел.: +44 20 7901 7832 Тел.: +7 727 244 03 53 |
ЗАҢДЫ МЕКЕНЖАЙЫ:
7th Floor, 83 Victoria Street, London SW1H 0HW, United Kingdom (7-қабат, Виктория көш., 83, Лондон SW1H 0HW, Ұлыбритания).