Тұрақты даму мақсаттары
2019 жылы Топ бастапқы жыл ретінде 2018 жылды пайдаланып, алдына 2024 жылдың 31 желтоқсанына дейін бес жылға тұрақты дамудың төрт негізгі көрсеткіші бойынша мақсаттар қойған.
Бұл кезеңде мыс өндірісі артады және бұл парниктік газдардың (ПК) абсолютті шығарындылары мен суды тұтыну ұлғаяды деп күтілген. Нәтижесінде «KAZ Minerals» компаниясы парниктік газдар шығарындылары мен су пайдалану бойынша қарқынға негізделген мақсатты көрсеткіштерді қабылдады, бұл Топқа операциялық қызметтегі өзгерістер есебінен тиімділіктің артуын дәл көрсетуге мүмкіндік береді.
Мақсатты аймақтар
Төменде көрсетілген мақсаттар Топтың стратегиялық бағыттарын сипаттайды. 2025 жылы KAZ Minerals компаниясы алдағы жылдарға арналған қосымша мақсаттар мен міндеттерді айқындайтын болады.
Қауіпсіздік техникасы және еңбекті қорғау
Өндірістегі кісі өлімімен аяқталатын жазатайым оқиғаларды болдырмау
Парниктік газдар шығарындылары
Сульфидті кенді өңдеу көлемінің әрбір бірлігіне шаққанда парниктік газдар шығарындыларын 5%-ға қысқарту.
Су тұтыну
Өңделетін сульфидті кеннің бір бірлігіне су тұтынуды 5% төмендету.
Әлеуметтік инвестициялар
Топтың әлеуметтік инвестицияларының критерийлеріне сай келетін сәйкес жобалар анықталған жағдайда, жыл сайынғы әлеуметтік шығыстарды 15 миллион немесе одан жоғары АҚШ доллары деңгейінде сақтап тұру.