Еңбекақы төлеу және жеңілдіктер
KAZ Minerals компаниясы қауіпсіздікті, өнімділікті және нәтижелілікті көтермелеуге ерекше көңіл бөле отырып, барлық қызметкерді әділетті және бәсекеге қабілетті еңбекақымен қамтамасыз етуге ұмтылады.
Біз адамдарымызға қалай сыйақы беріп марапаттаймыз
Өндірістегі жұмыскерлер мен бөлімше басшылары сыйақысы бар лауазымдық жалақыны басшылықтың қарауына қарай алады. Еңбек өнімділігінің негізінде бұл сыйақылар қауіпсіздік техникасы, еңбекті қорғау саласындағы нәтижелерге және өндірістік көрсеткіштерге байланысқан. Бөлімше басшылары үшін қосымша бонустар өндіріс тиімділігі, шығындарды бақылау және Топтың корпоративтік құндылықтарына сәйкестік сияқты салалардағы нәтижелерді көрсете алады.
Топ жалақының инфляция деңгейіне сәйкес болуын қамтамасыз ету үшін жалақысы төмен қызметктерлерді қолдауға ерекше назар аударып, жалақыны тұрақты түрде қайта қарайды. Барлық қызметкер Қазақстан және Қырғызстан үкіметтері белгілеген ең аз жалақы мен ең төменгі күнкөріс деңгейінен жоғары жалақы алады.
Қаржылық қолдау көрсету
Қазақстан заңнамасының талаптарына және ішкі еңбек келісімдеріне сәйкес KAZ Minerals Топта жұмыс істеп жүргенде ауруға шалдыққан немесе мүгедектік алған қазіргі және бұрынғы қызметкерлерге де қаржылық қолдау көрсетеді.