Қызметкерлер
Біздің бизнестің болашағы үшін білікті қызметкерлер шешуші мәнге ие.
KAZ Minerals қауіпсіз жұмыс ортасын, бәсекеге қабілетті еңбекақыны және қызметкерлер мен олардың отбасыларына кешенді әлеуметтік жеңілдіктер топтамасын қамтамасыз ете отырып, дарынды адамдарды жұмысқа тартып, компанияда қалдыруға ерекше көңіл бөледі.
Топтың саясаттары және қызметкерлерді кешенді тексеру
Топ Жұмысқа әділ түрде қабылдау туралы кодекс пен Әралуандылық және теңдік саясатын қоса алғанда, оның қызметкерлермен қарым-қатынасын айқындайтын бірқатар саясатты ұстанады.
Топ мәлімдделген стандарттарды сақтау мақсатында өзінің барлық бөлімшесінде еңбекке орналастыру шарттарын үнемі қайта қарайды. Сонымен қатар Компания жұмысқа қабылдаудың алдында барлық үміткерді кешенді тексеруден өткізеді, солайша жұмысқа әділ түрде және жауаптылықпен орналастыру принциптерін сақтайтынын растайды.
Білікті мамандарды жұмысқа тарту және компанияда қалдыру
Қызметкерлерді компанияда қалдыру – әр кәсіпорындағы негізгі басымдылық. Қызметкерлерді басқару бөлімі кадрлардың тұрақтамау жағдайларын азайту жолында белсене жұмыс жүргізуде, себебі қызметкерлердің мол тәжірибесінің болуы әрқашан Ақтоғай және Бозшакөл сияқты ірі активтердің табыстылығының маңызды факторы болған.
Ақтоғай кен орнындағы екінші сульфидті байыту фабрикасының қуатын әлемдік деңгейде арттыру барысында Топ бұрынғы объектілерді іске қосу аясында жинақталған ішкі сараптамаға айтарлықтай дәрежеде сүйенген. Бұл еңбек ұжымының ішінде тәжірибе мен сабақтастық құндылығының жоғары екендігін көрсетеді. Қызметкерлер Компаниядағы жұмыстан кететін жағдайда кері байланыс алу және одан әрі жетілдіру бағыттарын анықтау мақсатында жұмыстан шығу кезіндегі сұхбаттар өткізіледі.
Кадрлық резервті дамыту
Топ болашақ көшбасшыларды анықтап, оларды өсіруге бағытталған кадрлық резервтің кешенді бағдарламасын іске асырады. Келешегі зор қызметкерлер үшін жеке оқу бағдарламалары әзірленіп, тәлімгерлік қолдау көрсету ұсынылады. 2024 жылдың соңындағы жағдай бойынша жеке даму жоспарларына Ақтоғай мен Бозшакөлдің және Шығыс өңірдің 290-нан астам қызметкері белсене қатысуда.
Сабақтастық аясында Топ негізгі қызметтерге болашақ басшыларды анықтап, олардың мақсатты дамуын қамтамасыз етеді. Шетелдік қызметкерлер жергілікті мамандар арасындағы жұмыс орнын басатын үміткерлерді оқыту мен тәлімгерлік ету көрсеткіштері бойынша жыл сайынғы бағалаудан өтеді, бұл кезде ілгерілеу тоқсан сайын және жыл сайын бақыланады.
Қызметкерлер туралы толық ақпарат
Қызметкерлерімізді қалай қолдайтынымыз туралы толығырақ біліңіздер:
Әдеп
Біздің құндылықтарымыз жауапты шешімдер қабылдауға, әдепті мінез-құлық көрсетуге және қызметіміздің барлық аспектісінде адалдық принциптерін ұстануға негіз болады. Бұл туралы толығырақ біліңіз.
Еңбекақы төлеу және жеңілдіктер
Біздің еңбекақыны әділ түрде төлеу, қауіпсіздік пен тиімділікті көтермелеу жүйеміз, сондай-ақ қызметкерлерге арналған бәсекеге қабілетті әлеуметтік көмек топтамасы туралы толығырақ.
Теңдік пен әралуандылық
Жергілікті қоғамдастықтардың мүддесін білдіретін және әр қызметкерге тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ететін инклюзивті жұмыс ортасының қалыптасуына көзқарасымыз туралы толығырақ.
Оқыту және дамыту
Әр қызметкер үшін үздіксіз оқытуды, кәсіптік дамуды және мәнсаптық өсуді қолдауымыз туралы толығырақ.
Кеңестер беру және коммуникациялар
Тұрақты түрде диалог жүргізу, кеңестер беру және ынтымақтасу арқылы қызметкерлермен және кәсіподақтармен өзара әрекеттесуіміз туралы толығырақ.
Соңғы жағдайлық зерттеулер
Advancing employee wellbeing at KAZ Minerals
KAZ Minerals recognises that employee wellbeing is fundamental to the success of the Group as a whole.