Су
Барлық кәсіпорындағы су ресурстарын жауапты басқару
KAZ Minerals компаниясы тау-кен өндірудің барлық кезеңінде суды жауаптылықпен әрі тиімді пайдалануға тырысады. Біз мұқият жоспарлау, үнемі мониторинг жүргізу және тиімді басқару арқылы су ресурстарын сақтауға, қалдықтарды қайта өңдеуге және қоршаған орта мен қоғамға кері әсерді мейлінше азайтуға басты назар аударамыз.
Жаңа жобаларды жоспарлау және бағалау
Кез келген жаңа тау-кен өндірісін салар алдында біз тұщы судың болуын және оның жақын маңда орналасқан аудандар мен экологиялық жүйеге ықтимал әсерін бағалау үшін су ресурстарына егжей-тегжейлі талдау жүргіземіз. Бұл бағалаулар – жұмыс көлемінің бүкіл зерттеулерінің және техникалық-экономикалық негіздемелердің ажырамас бөлігі. Біздің Жобалар басқармасы мен жоғарғы басшылық кез келген әзірлеме жобасын мақұлдамас бұрын экологиялық және әлеуметтік факторлардың толық ескерілуіне кепілдік бере отырып, бұл қорытындыларды мұқият бағалайды.
Қолданыстағы объектілерде судың болуы және суды пайдалану
KAZ Minerals компаниясының барлық қазіргі тау-кен және өңдеу объектілері жобалық қуаттылықты қамтамасыз ету үшін жеткілікті мөлшерде тұщы сумен қамтылған. Ақтоғай мен Бозшакөлдегі сульфидті кендерді байыту фабрикалары суды үнемдеуге бағытталған арнайы технологиялармен жобаланған, бұл процестер суды тұтынуды азайтып, булану шығындарын төмендетуге мүмкіндік береді. Топ бойынша біз суды барынша қайта өңдеп, қайта пайдалануға тырысамыз. Қайта өңделген судың негізгі көздері — қалдық сақтау қоймалары мен шахтаға келіп түсетін жер асты сулары.
Басқару және қадағалау
Біздің су ресурстарын пайдалану стратегиямызды Топтың Қоршаған ортаны қорғау саласындағы саясаты айқындайды және Еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және тұрақты даму комитеті бақылайды. Су ресурстарын пайдалану тиімділігін арттыру бойынша бастамаларды анықтауға және іске асыруға бас директорлар оперативті деңгейде жауап береді. Мұндай басқару құрылымы барлық объектідегі есеп берушілік пен келісушілікті қамтамасыз етеді.
2024 жылғы көрсеткіштер
2024 жылы жалпы су алу 2023 жылы алынған 56811 мегалитрмен салыстырғанда 58186 мегалитрге дейін, яғни 2%-ға ұлғайды. Бұл өсу көбінесе бүкіл Топ бойынша кенді қайта өңдеу көлемінің артуына байланысты. Ақтоғайда су тұтыну 6%-ға ұлғайды, бұл кенді қайта өңдеу көлемінің 7%-ға ұлғайғандығын көрсетеді. Бозшакөл кенішінде қалдыққоймадағы қалдықтарды қайта өңдеуді жетілдірудің арқасында кеннің 6%-дан көп өңделетініне қарамастан, су алудың ұлғаюы тек 1%-ен шектелді. Керісінше, кен шикізаты құрамының өзгеруінен Николаев зауытындағы қорғасын концентраты учаскесі жоспарлы түрде тоқтатылғаннан кейін Шығыс Қазақстан облысында су алу 10%-ға қысқарды.
Учаскелер бойынша су алу (мегалитр)
| 2024 | 2023 | |
|---|---|---|
| Ақтоғай | 34,852 | 32,803 |
| Бозшакөл | 14,883 | 14,718 |
| Шығыс Қазақстан облысы | 7,864 | 8,745 |
| Бозымшақ | 587 | 545 |
| Барлығы | 58,186 | 56,811 |
Су алу қарқынының төмендеуі
2024 жылы Топ бойынша су алудың орташа қарқыны 2023 жылы алынған 0,63 текше метрмен салыстырғанда, қайта өңделген кеннің бір тоннасына 0,60 текше метрге дейін төмендеді. Бұл жетістікке Бозшакөлде қалдықтарды қайта өңдеу көрсеткіштерінің жоғары болуы және Шығыс Қазақстан облысында су тұтынудың қысқаруы арқасында қол жеткізілді. Осы нәтижелер операциялық қызметті жаңарту және барлық объектіде ең үздік әдістерді енгізу арқылы су тұтыну тиімділігін арттыруға біздің әрдайым ниетті екендігімізді көрсетеді.
Су алу қарқыны (өңделген кеннің бір тоннасына м³)
| 2023 | 2022 | |
|---|---|---|
| Ақтоғай | 0.60 | 0.60 |
| Бозшакөл | 0.43 | 0.45 |
| Шығыс Қазақстан облысы | 3.23 | 3.66 |
| Бозымшақ | 0.56 | 0.46 |
| Топ бойынша орташа көрсеткіш | 0.60 | 0.63 |