KAZ Minerals-пен бірге кәсіби жолыңды баста!
Сіз тәжірибелі маман болсаңыз да, өз жолыңызды енді ғана бастаған студент болсаңыз да, KAZ Minerals-пен бірге өз болашағыңызды жасаудың бірнеше жолы бар.
Өтінімді тікелей беріңіз
Біз әрқашан біздің командаға қосылғысы келетін талантты адамдарды іздейміз. Егер өз мансабыңызда келесі қадамды жасауға дайын болсаңыз, біздің ашық бос жұмыс орындарына өтінім бере аласыз.
Серіктес оқу орындары арқылы болашаққа жол ашыңыз
Тау-кен саласындағы болашақ мамандарды қолдау үшін біз мектептерді, колледждерді және университеттерді қоса алғанда, білім беру мекемелерімен белсенді жұмыс жасаймыз.
Тағылымдама және өндірістік практика
Біз студенттерге құрылымдық тағылымдама бағдарламалары арқылы практика жүзінде үйрену мүмкіндіктерін ұсынамыз:
Университет тағылымдамасы
Университет студенттері практикалық дағдыларды үйрену, тәжірибелі мамандармен бірге жұмыс істеу және тау-кен саласындағы жаңа технологиялармен танысу үшін біздің өндірістік алаңдарымызға шақырылады.
Жас мамандарға арналған жалақы төленетін тағылымдама бағдарламасы
Бұл бағдарлама жұмысшы және инженерлік мамандықтар бойынша жас таланттарды дамытуға бағытталған:
- Техникалық және жұмысшы мамандықтары бойынша 1 жыл
- Инженерлік мамандықтары бойынша 2 жыл
- Алғашқы 2 айда өнеркәсіптік қауіпсіздік курсы және практикалық оқыту кіреді
- ағылымдамадан өтушілер жеке тәлімгердің қолдауына ие болады және нақты жобаларға қатысады
- Озық жабдықтар мен өндірістік процестерді игереді
- Жоғары нәтиже көрсеткен тағылымдамадан өтушілер жұмысқа орналасу туралы ұсыныс алуы мүмкін
Білім гранттары және шәкіртақылар
Техникалық білім беруді қолдау және тұрақты кадрлық резерв құру үшін біз тау-кен саласында оқитын перспективалы студенттерге білім гранттарын ұсынамыз. Бағдарлама іске қосылған сәттен бастап оның нәтижелері:
- 152 студент конкурстық негізде гранттар алды
- Гранттар саладағы талап етілетін басым техникалық бағыттар бойынша беріледі
- Бағдарламаға қатысқан түлектер KAZ Minerals компаниясында мансаптарын жалғастырды.
Кәсіптік бағдар беру және техникалық салаларды насихаттау
Біздің ойымызша, бастаманы ертерек қолға алу маңызды фактор болып табылады. Мектептермен және колледжермен серіктес бола отырып, біз:
- Кәсіптік бағдарлау іс-шараларын өткіземіз
- Салалық тақырыптар бойынша шеберлік сағаттарын ұйымдастырамыз
- Біз студенттерді тау-кен саласындағы мансаптық мүмкіндіктермен және оның болашағын қалыптастыратын технологиялармен таныстырамыз
Болашаққа алғашқы қадамыңызды бізбен жасаңыз!
KAZ Minerals жас және болашағы зор мамандардың мансаптық өсуі мен кәсіби дамуы үшін мүмкіндіктер жасауға ұмтылады. Бұл мансаптың бастамасы болсын немесе келесі кәсіби сынақ болсын – біз сізді ортақ болашағымыздың бір бөлігі болуға шақырамыз.