Біздің стратегия
Ұзақ мерзімді құндылықты жауапкершілікпен және ауқымды қамтамасыз ету
Біздің KAZ Minerals-тағы стратегия өсу жобаларын іске асыруға, операциялық қызметті жетілдіруге және ресурстарды жауаптылықпен игеруге негізделген. Біздің қызметіміз адамдардың, жергілікті қауымдастықтардың мүдделерін және қоршаған ортаны қорғауға бейілділікті мүлтіксіз сақтай отырып, пайдалану мерзімі ұзақ, операциялық шығыны төмен және инвестициялық тиімділігі жоғары мыс активтерін әзірлеуге бағытталған.
Біздің көзқарас
Ірі ауқымды және шығыны төмен мыс кеніштерінің жетекші әзірлеушісі мен операторы болу.
Біздің мақсат
Біздің қызметкерлердің, қоршаған ортаның және жергілікті халықтың алдындағы әлеуметтік міндеттемелерді орындаған жағдайда біздің акционерлерге құндылықты қамтамасыз ету.
Біздің стратегияның негіздеріs
Өсу потенциалы жоғары және табыстылығы жоғары жобаларды инвестициялау
Біз қолданыстағы өндірістерді кеңейту есебінен, сондай-ақ жаңа мыс кен орындарын игеру арқылы табыстылығы жоғары инвестициялық мүмкіндіктерге басымдылық берудеміз.
2024 жылдың негізгі көрсеткіштері:
29,6 млн
Ақтоғай кенішін кеңейту жобасы: Өндіріс толығымен жүйеге келтірілді және 29,6 млн тонна кенді қайта өңдей отырып, жобалық қуаттан асты
жылына 300 мың тонна
Жаңа мыс балқыту зауыты: Қазақстанда қытайлық компанияның серіктестігімен қуаты жылына 300 мың тонна болатын мыс балқыту зауытын салуға техникалық-экономикалық негіздеме аяқталды.
Қолданыстағы активтерді оңтайландыру
Қауіпсіз, тиімді және тұрақты өндірістік қызмет
Біз қызметктерлердің қауіпсіздігі мен капиталды жауаптылықпен үлестіруге басты назар аудара отырып, бүкіл өндірістік объектідегі өнімділік және шығындарды бақылау көрсеткіштерін жүйелі түрде жетілдірудеміз.
2024 жылдың негізгі көрсеткіштері:
96,5 млн тоннаt
96,5 млн тонна қайта өңделген кен (рекордтық көлем)
1,08
TRIFR көрсеткіші: 1,08 (2023 жылғы ICMM орташа көрсеткіші: 2,59)
Сәттілік
Ақтоғай және Бозшакөл кеніштері: Жобалық қуаттан асыра жұмыс істеді
Тұрақты
Шығыс аймақ және Бозымшақ Өндіріс көлемі былтырғы жыл деңгейінде
Табиғи-ресурстық мүмкіндіктерді тиімді пайдалану
Орталық Азияның мысқа бай өңірлеріне басты назар аудару
Ресурстық қорымызды бекіту және әртараптандыру мақсатында Қазақстан мен Қырғызстанда мыс өндіру саласындағы жаңа мүмкіндіктерді белсене зерттеп жатырмыз.
2024 жылдың негізгі көрсеткіштері:
Өсім
Топтың ресурстық қорын кеңейту және алдағы өсу мүмкіндіктерін бағалау мақсатында келешекте игерілетін және игерілген учаскелердегі геологиялық және барлау жұмыстарын жалғастыру.
380 мың тоннаны
2024 жылы Топтың жалпы мыс өндіру көлемі 380 мың тоннаны құрады, бұл Топтың аймақтағы жетекші өндіруші позициясын сақтап қалуына мүмкіндік берді.
Әлеуметтік жауапты өндіруші болу
Біздің бизнестің барлық аспектісіне тұрақты даму принциптерін интеграциялау
Біз қоршаған ортаға бізден келетін кері әсерді барынша азайтуға, қызметкерлерімізге инвестиция салуға және өз жұмысымыздың жемісін жергілікті қауымдастықтармен бөлісуге ұмтылудамыз.
2024 жылдың негізгі көрсеткіштері:
CO₂ баламасында шығарындыларды азайту және су тұтыну бойынша бес жылдық мақсаттар артығымен орындалды.
50%
2050 жылға қарай энергиялық теңгерімде жаңартылатын энергетиканың 50% үлесіне қол жеткізу бойынша ұлттық стратегияны қолдау мақсатында Қазақстандағы гидроэлектрстанцияларды инвестициялау жүзеге асырылды.
64
$52 m
қоғамдық және әлеуметтік жобаларға $52 миллион инвестиция салынды