Біздің бизнес-модель
Мысты өндіру және қайта өңдеу үшін қажетті негізгі ресурстарға қолжетімділік – «KAZ Minerals» компаниясының бәсекеге қабілеттілігінің көзі. Бұл іргетас біздің мүдделі тараптарымыз үшін ұзақ мерзімді құндылықты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Біздің қызмет
Игеру
Біз Қазақстан мен Қырғызстандағы табиғи ресурстарға бай мыс жобаларын дамытып, өңірдің тұрақты дамуына үлес қосуды көздейміз.
- Минералды ресурстар (бағаланған және анықталған): 2959 млн т (2023: 3033 млн т)
- Мыстың орташа мөлшері: 0,35% (2023: 0,35%)
Өндіріс
Топ жылына 90 млн тоннадан астам сульфидті кенді қайта өңдейтін жалпы қуаты бар жеті мыс байыту фабрикасын басқарады. 2024 жылы біз шоғырлы сілтісіздендіру алаңдарында 11 млн тонна оксидті кенді орналастырдық.
- Сульфидті кенді қайта өңдеу: 97 млн т (2023: 91 млн т)
- CСульфидті кендегі мыстың мөлшері: 0,46% (2023: 0,51%)
- Мыс өндіру: 380 мың т (2023: 403 мың т)
Біздің негізгі ресурстар
Табиғи ресурстар
Біздің мыстың орташа мөлшері 0,35% болатын 2959 млн тонна бағаланған және анықталған минералдық ресурстарымыз бар. Бұл ресурстарда сонымен қатар алтын, күміс, молибден және мырыш сияқты бағалы ілеспе өнімдер бар.
Энергия ресурстары
Қазақстандағы кәсіпорындар электр энергиясына бәсекеге қабілетті тарифтердің арқасында ұтады, бұл бізге ірі объектілерді аз шығынмен пайдалануға мүмкіндік береді.
Су ресурстары
Біз жерасты және жерүсті суларының жалпыға қолжетімді көздерін пайдаланамыз. Біздің заманауи зауыттар суды тиімді тұтынуды қамтамасыз ететіндей етіп жобаланған.
Көлік ресурстары
Біздің кәсіпорындар ұлттық теміржол желілерімен өзара әрекеттеседі, бұл Қытай мен Еуропадағы тапсырыс берушілерге өнімді тиімді жеткізуді қамтамасыз етеді.
Адам ресурстары
Бізде 14 000-нан астам адам жұмыс істейді және біз Қазақстандағы тау-кен өндіру саласының жоғары білікті мамандарының қызметін пайдаланамыз.
Қаржы ресурстары
«KAZ Minerals» компаниясында қазіргі инвестицияларды қолдау және даму мақсатында әртүрлі юрисдикциялардан тартылған борыштық міндеттемелер портфелі бар.
Шығыны аз кәсіпорындар
2024 жылы Топтың таза ақшалай өзіндік құны 112 АҚШ центі/фунтты құрады, бұл бізді әлемдегі ең тиімді мыс өндірушілердің қатарына қосты.
Сату
Біздің мүдделі тараптарымыз үшін баға қалыптастыру
Тапсырыс берушілер
Біз Қытай мен Еуропадағы тапсырыс берушілерге энергетика және көлік инфрақұрылымында, тұрғын үй құрылысында, таза энергетика мен тұтыну тауарларында қолдануға арналған мыс жеткіземіз.
Жеткізушілер
Біз жергілікті жеткізушілерге басымдық береміз және барлық жеткізуші біздің Жеткізушілер жарғысында көзделген талаптарды орындайды деп күтеміз.
Мемлекеттік органдар
Біз Қазақстан және Қырғызстан экономикасына елеулі үлес қосып отырмыз. Біздің салық төлемдеріміз қоғамдық қызметтер мен инфрақұрылымды қолдауға бағытталады.
Кредиторлар
Біз құндылықты арттыратын стратегиялық жобаларды қаржыландыру мақсатында қаржы мекемелерімен тұрақты әрі сенімді қатынастар орнатқанбыз.
Жұмыскерлер
Біз кәсіби даму бағытында инвестиция салып, мүмкіндіктер теңдігін қолдаймыз.
Жергілікті халық
Біз жұмыс орындары мен бизнеске арналған мүмкіндіктер ұсынамыз, әлеуметтік жобаларды қолдаймыз және жергілікті қоғамдастықтарды ресурстарды игерудің артықшылықтарын бірлесіп пайдалану процесіне тартамыз.
Акционерлер
Біз пайдалану мерзімі ұзақ, ірі әрі шығыны аз мыс кеніштерін игеру және пайдалану арқылы ұзақ мерзімді акционерлік құнды қамтамасыз етуге ұмтыламыз, бұл шикізат бағасының циклдары барысында тиімділікті сақтауға мүмкіндік береді.